16:23 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Құралай Бақытқызы, қазақстандық танымал нумеролог

Қазақстандық маман қараша айында не істеуге болмайтынын айтты

© Photo : Құралай Бақытқызының жеке архивінен
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
940830

Қазақстандық маман қараша айына болжам жасады. Ол күздің соңғы айында қандай істерге басымдық беру қажеттігін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстандық нумеролог Құралай Бақытқызы қараша айында қандай өзгерістердің болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде қараша айы "классика мен мәдениет айы" деп аталады. Бұл дегеніміз, көрме, музей, опера, сән, өнер, театр сияқты салаларда көп жаңалық болуы мүмкін. Мәселен, театрда көп қойылым болады, я болмаса, көрмелер көп өтеді. Сән саласында жаңалықтар көбейеді. Әсіресе, дизайнерлер үшін сәтті ай", - дейді нумеролог.

Оның айтуынша, өткен айды әлеуметтік сала, кеден мен салық саласындағы жаңалықтармен жиі байланыстырады. Өйткені әлеуметтік сала қызметкерлері, кеденшілер мен әскери азаматтар көп туған. Ал қараша - музей, архив, кітапхана, театр мен дизайн саласының адамдары көп дүниеге келетін ай.

"Сосын осы айда дүниеге келген адамдар, көбінесе, тарих пен географияны жақыс оқиды. Осыған байланысты шежіре, археология және тағы басқа зерттеулерге арналған кітаптар, тарихи фильмдер шығуы мүмкін. Ғылыми жаңалықтар ашылады", - деп атап көрсетті Бақытқызы.

Нумерологтың сөзіне қарағанда, адамдардың денсаулығы әлсірейді. Басқа айлармен салыстырғанда дәл осы қараша айында денсаулыққа барынша ұқыпты болу керек. Себебі адамдардың энергиясы да, иммунитеті де төмендейді.

"Сондықтан осы айда жақсы демалыс керек, көбірек ұйықтаған дұрыс. Сосын тағамға баса назар аударған жөн. Әсіресе, қант диабеті мен өт жолдарын жақсарту үшін диета ұстау қажет-ақ. Себебі осы санаттағы аурулар қабынуы мүмкін. Бірақ операция болса, шегере тұрған дұрыс", - деп атап көрсетті Бақытқызы.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың туған күні президент жайлы не дейді - нумеролог айтып берді

Нумеролог қараша айы көлік сатып алуға және саяхатқа шығуға өте ыңғайлы кезең екенін ерекше атап өтті. Жалпы, демалысқа баса назар аударған дұрыс.

"Адам көбірек ұйықтаса, көңіл-күйі көтеріледі. Жалпы, мәдени шараларға жиі барып тұру керек", - деді Бақытқызы.

Тақырып бойынша

Танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның ұлы көз жұмды
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Назарбаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог сандарды "сөйлетті"
Головкиннің туған күні боксшы туралы не дейді - нумеролог айтып берді
Димаш 25 жасқа толды: нумеролог әншіні не күтіп тұрғанын айтты
Кілт сөздер:
қараша, нумеролог, болжам
Загрузка...

Басты тақырып