20:58 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Мемлекет басшысы елордадағы №23 орта мектепке барды

Тоқаев мектепке барып, мұғалімдермен әңгімелесіп қайтты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметі
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

Мемлекет басшысы елордадағы №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы №23 орта мектепке барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мектепті аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов президентке астананы дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 10 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысына елорда халқының 25 пайызы тұратын қала аумағындағы 16 тұрғын үй алабын дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу жайында да мәлімет берілді. Сондай-ақ Алтай Көлгінов қазіргі уақытта қалада үш ауысымды 8 мектеп барын, осы мәселені шешу үшін жыл сайын 12 мектеп салу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар әкім президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысанының құрылысы басталғанын хабарлады.

Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды 

Мемлекет басшысы №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер президентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің түйткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

"Бұл – іске асатын жоспар. Сіздерге алдағы уақытта жаңа мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік болады", – деді мемлекет басшысы. 

Тақырып бойынша

Тоқаев 10-сыныпта қабылдаған шешімі өмірін қалай өзгерткенін айтты
Енді балабақшада ағылшын тілі оқытылмайды
Тоқаев Мұхтар Тайжанмен Ақордада не жайлы сөйлескені белгілі болды
Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қашан көшетіні белгілі болды
"Мойындау керек": Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы нені білдіретінін айтты
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, мұғалімдер, мектеп
Загрузка...

Басты тақырып