07:06 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды - фото

© Sputnik / Айгерім Таубай
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26910

Театр және кино әртісі Раиса Мұхамедиярова 5 қараша күні 80 жасында өмірден озды. Бүгін актрисамен қоштасуға зиялы қауым өкілдері, әріптестері келді

АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында кеңестік және қазақстандық театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жиынға марқұмның қыздары Гүлнар, Гаухар Ғабитқыздары, Мүсірепов театрының директоры Азамат Сатыбалды, қоғам қайраткері Мәди Артығалиев, Қуанышбаев атындағы театрдың директоры Асхат Маемиров, Әуезов театрының Сәбит Әбдіхалықов, сондай-ақ, өнердегі әріптестері қатысты.

Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды
© Sputnik / Айгерім Таубай
Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

"Бүгін қазақ өнері сол өнерді жанындай жақсы көрген саф алтынынан айырылып отыр. Раиса Мәжитқызы саналы ғұмырын қазақтың өнеріне арнап, қазақтың театры мен киносында сұлулықтың символы деген атқа ие болған адам. Керемет образдарымен көрерменге танылып, жүрегін жаулай білген асқақ аналарымыздың бірі. Қасиетті қара шаңырақ саналатын театрдың Ұлпаны бола білді", - деді Азамат Сатыбалды.

Нұрсұлтан қаласынан келген арнайы өкіл Мәди Артығалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның, Нұрсұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің марқұмның туыстары мен жақындары көңіл айту жеделхатын оқып берді.

"Белгілі мәдениет қайраткері, театр және кино әртісі Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярованың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Раиса Мәжитқызы ұзақ жыл бойы театрда өнер көрсетіп, кейіпкерлерді асқан шеберлікпен сахнаға шығара біліп, көрермен қауымның ыстық ыласына бөленді. Сондай-ақ, көркем фильмдерге түсіп, басты рөлдерді сомдады. Оның есімі мен жарқын бейнесі өнерсүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталады деп ойлаймын", - делінген президенттің хатында.

Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Ахметов актрисаның туыстарына көңіл айтып, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды
© Sputnik / Айгерім Таубай
Алматыда Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салды

Жиын барысында актриса Роза Әшірбекова мен кинорежиссёр Сатыбалды Нарымбетов марқұммен бірге өткізген күндерін еске алып, қайғыра көңіл айтты.

Раиса Мұхамедиярова 1963 жылы режиссер Сұлтан Қожықовтың "Менің атым – Қожа" фильмінде ұстаз Майқанованың рөлімен халыққа кеңінен танылды. Саналы ғұмырында 30-ға жуық фильмге түскен.

Айта кетейік, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова жазушы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шығып, 8 жыл некеде болған. Актриса 80 жасында дүниеден озды.

Тақырып бойынша

Танымал актриса шұғыл ауруханаға жеткізілді
Танымал актриса есірткімен ұсталды – оқиғаның мән-жайы
Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
"Орны толмас қайғы": белгілі актриса қайтыс болды
Белгілі актриса 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті
Кілт сөздер:
қоштасу рәсімі, фото
Загрузка...

Басты тақырып