Қоғам

Білім вице-министрі Жақыпова қызметінен босатылады

© Sputnik / Владислав ВодневСовместное заседание палат парламента, архивное фото
Совместное заседание палат парламента, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі  Фатима Жақыпованың қызметінен босатылатынын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

"Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.

© Photo : СЦКБілім вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен босатылады
Білім вице-министрі Жақыпова қызметінен босатылады - Sputnik Қазақстан
Білім вице-министрі Фатима Жақыпова қызметінен босатылады

Сенатор бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдерді аттестациядан өткізу тәртібі өзгереді – министрліктің мәлімдемесі

Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында ғылыми қоғамды Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.

Жаңалықтар
0