18:44 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Жұдырығын түйіп тұрған ер адам

"Шешенстан полициясының экс-басшысы Қазақстанда соққыға жығылды": ресми түсініктеме

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3118 0 0

Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың өтірік екенін атап өтіп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі "Шешенстан полициясының бұрынғы басшысы Қазақстанда соққыға жығылды" деген ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желіде видео тараған. Ресейлік сайттардың бірі видеодағы адамның Шешенстан полициясының экс-басшысы Аюб Катаев екенін хабарлап, оның соққыға жығылғанын айтқан.

Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекованың айтуынша, ресейлік портал таратқан мәлімет шындыққа жанаспайды.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұзақылық әрекет 4 қараша күні болғанын хабарлайды. Елордалық дәмханалардың біріндегі төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Тіркелген фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ол.

Сонымен қатар София Қылышбекова болған жағдайды түсіндірді.

"Полиция 33 жастағы ер адамның 41 жастағы жергілікті тұрғынмен сөзге келіп, оны бетінен ұрып жібергенін анықтады. Екеуі де Қазақстан азаматтары. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған", - дейді баспасөз жетекшісі.

Сонымен қатар ол полицейлер оқиғаға қатысы бар тағы бір адамды іздеп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерді неге соққыға жыққаны анықталды – видео

"Шұғыл-іздестіру шарасы жүріп жатыр. Бұзақылық әрекет барысында оның қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Оның әрекетіне құқықтық баға ұсталған соң беріледі", - деді София Қылышбекова.

Тақырып бойынша

Екібастұзда жасөспірімдер 3-сынып оқушысын соққыға жығып, видеоға түсірген
Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы
Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео
Алматыда ЖОО оқытушысы қызды соққыға жықты: университет түсініктеме берді
Жас жігіт 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жықты – видео
Кілт сөздер:
видео, соққыға жықты, Қазақстан, полиция, Шешенстан
Загрузка...

Басты тақырып