Қоғам

Назарбаевтың жиені Ақтауда түсірген видео желіде жарияланды

Жазылу
Нұрәлі Әлиев Ақтауға делегация құрамында жұмыс сапарымен барған. Видеоны әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Нұрәлі Әлиев Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Ол Каспий жағалауында түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Нұрәлі Әлиев Ақтауға барған астаналық делегация құрамында болған.

Жұмыс тобында премьер-министр Асқар Мамин де бар. Сапар барысында метанол өндіретін WestGasOil зауытына капсула орнату, Aktau resort hotel қонақүй-туристік кешенінің құрылысымен танысу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын бастау салтанаты болады. Желі Каспий теңізінің түбі арқылы өтеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті

Нұрәлі Әлиев - қазақстандық бизнесмен, экономист, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.

Жаңалықтар
0