08:16 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Бала ұстап тұрған әйелдер, Сирия

13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2328 0 0

Қазақстанға Сириядан 407 бала оралды, олардың көбі жетім қалған. Ал қыздардың біреуі өзі ана атанып келді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша — Sputnik. Сирияда террорист болуға дайындаған балалар Қазақстанда бейбіт өмір сүруге үйреніп жүр. Оларға білім алып, қоғамға бейімделіп, ортаға сіңісу керек. Қазақстан тағдыр тауқыметіне түскен балаларға қалай қолдау көрсетіп жатқанын Sputnik-тің Дүниежүзілік балалар күніне арналған материалынан оқи аласыз.

3 айлық баладан бастап 13 жастағы анаға дейін

Сириядан оралған ең кішкентай бала небәрі үш айлық. Ең үлкені 17 жаста. Арасында 13 жаста тұрмысқа берген қыз да бар. Ол ана атанып үлгерді.

Ислам мемлекеті* экстремистері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарумен ойын, жаттығу лагерьлерін ұйымдастырып балаларды әдейі радикалды идеологияға бейімдеген. Адамды жазалау және өлтіру сәтін де балаларға көрсеткен.

Жасөспірім шаққа жеткендерді үйлендірген. 13 жастағы қыздар 14-тегі балаларға тұрмысқа шықты.

Тек қара түсті сурет салған

Қазақстанға оралған кезде балалар тек қара түсті сурет салған. Алайда уақыт өте келе түрлі-түсті бояуларды қоса бастаған.  

"Бала қолына қарындаш алып, қару емес, гүлдің суретін салған кезде ішкі дүниесі өзгеріп келе жатқанын түсінеміз. Бірақ бұл үшін көп уақыт керек. Біз мұндай балалармен 2016 жылдан бастап жұмыс істейміз. Ең бірінші бала Түркиядағы түрмеден оралды. Ол жерде әкесімен бірге болған. Қазір ол 8-сыныпта оқиды ", - деді "Право" қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль.

Ольга Рыльдің айтуынша, қор 2019 жылдың 6 қаңтарынан бастап "Жусан-1" және "Жусан-2" операцияларының аясында елге оралған балалармен жұмыс істейді.

"Барлығы 407 бала. Оның 33-і – жетім. Кейбіреулер "406 бала" деп айтады. Олар өзі ана атанған кәмелетке толмаған қыздың бар екенін ұмытып кетіп отыр", - деді Ольга Рыль.

Бірнеше тіл меңгерген

Балалардың өз ерекшеліктері бар. Мәселен, мамандар олардың бірнеше тіл білетініне таңғалған. 

"Оларға білім беруге көңіл бөлінген жоқ. Аздап математика мен араб тілін оқыған. Алайда балалар араб, күрд, француз, қазақ және орыс тілдерін біледі. Өйткені ол жерде ТМД елдерінің балалары ғана емес, Еуропадан келгендер де болған", - дейді Ольга.

Материалдың орыс тіліндегі нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

Тақырып бойынша

"Адам басына аяғын қойып, фотоға түсті": Сириядан келген жігіт әрекетін түсіндірді
Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды
Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты
Сириядан қайтарылған қазақстандықтар сотталып жатыр – видео
Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді
Кілт сөздер:
қазақстандық қыз, Сирия
Загрузка...

Басты тақырып