Қоғам

Алматыда таксиде әйелді қатыгездікпен өлтірді: оқиға немен аяқталды?

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАвтомобили такси
Автомобили такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы жылдың маусым айында такси жүргізушісі өзінің әйелімен бірге сұлулық салонының қызметкерін қатыгездікпен өлтірген болатын. Полиция әйелдің денесін екі апта іздеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша — Sputnik. Алматыда 40 жастағы Батура Мамедованы өлтіргендерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Екі баланың анасы осы жылдың маусым айында өлтірілді. Туыстарының айтуынша, Батура Мамедова сол күні Ашыбұлаққа дейін жетіп, үйіне дейін күдіктілердің көлігіне мінген. Орта жолда косметологтың сөмкесіндегі қаражатты көрген ерлі-зайыптының арам пиғылы оянып, көліктің ішінде пышақтай бастаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша Батура Мамедованы қаскөйлер соққының астына алып, кейін бауыздаған. Ал мәйітті Қарасай ауданында орналасқан Береке ауылының маңына көміп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша қаскөйлер косметологтың 40 грамдық алтын алқасына көзі түсіп, қылмысқа барған.

Тағы оқыңыз: Түркістанда жас келіншекті өлтірген таксист оқиғаның қалай болғанын баяндады

Косметолог әйелдің денесі екі аптадан кейін табылды. Туыстары оның тірі екеніне сенген болатын.

Сот процесі кезінде күдіктілер жауап беру кезінде өз түсініктемелерін бірнеше мәрте өзгертті. Бірде кінәсін мойындамады, бірде жартылай мойындады.

28 жастағы Жангелді Қобыланов 17 жылға, ал 27 жастағы Айдана Беренова 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар – азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар.

Жаңалықтар
0