09:09 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Ақжарқын Тұрлыбай

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарғаннан кейін 15 жылға соттауы мүмкін – адвокат

© Photo : аккаунт Акжаркын Турлыбай в соцсетях
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1367 0 0

Қытай сотының соңғы шешімі шыққаннан кейін жерлесімізді экстрадициялауға болады. Оның қылмысы Қазақстанның заңнамасы бойынша қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Қытайда есіртік контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарса, Қазақстанның заңнамасы бойынша оның әрекеті ауыр қылмыс болып саналады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Адвокат Жандос Тұяқовтың айтуынша, Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдан тәркіленген 4,5 келі есірткі заттары үшін отандық заңнама бойынша қатаң жаза қарастырылған.

"Ақжарқынның әрекеті Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес келеді. Одан тәркіленген есірткі заттары да аз емес. Сол үшін 10-15 жылға дейін береді", - деді Тұяқов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді. Ірі мөлшерде болса, 6-12 жылға, ал аса ірі көлемде есірткі заттары үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Ақжарқынды қай кезде экстрадициялайды?

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірген болатын.  Оның айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

"Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтінішхат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Ал олар сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады", - деді Нұрышев.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы Қазақстан елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтты

"Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті Нұрышев.

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Сот отырысы 2 сағаттан астам уақыт болды. Ақжарқын Тұрлыбай қытай тілінде жауап беріп отырды.

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазғаны хабарланды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

Ақжарқын түрмеде немен айналысады

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр.

Сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында Ақжарқын Тұрлыбай көркем әдебиет оқитынын айтты. Дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Түзету мекемесіндегі жағдайға қатысты шағымы жоқ екен.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұрады. Бұған қоса, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып береді.

Тақырып бойынша

Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты
"Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді
Тоқаев Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді
Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
түрме, Қытай, Ақжарқын Тұрлыбай
Загрузка...

Басты тақырып