01:18 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Астанада тұман

Синоптиктер қауіпті құбылыс болатынын ескертті: демалысқа ауа райы болжамы

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3811 0 0

Қазгидромет 30 қараша – 2 желтоқсан күндеріндегі ауа райына болжам ұсынады, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, қалған аймақтарда тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Ауа райының қауіпті құбылыстарына тоқталсақ, бұрынғыдай түнгі және таңғы уақытта жолдың көріну мүмкіндігі 50...500 метрге дейін нашарлайды, тұман түседі", - деп ескертті синоптиктер.

Тек батыста және дүйсенбі күні оңтүстікте атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ күтіледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 30 қарашада күн ашық. Түнде -18℃, күндіз -12℃.
  • 1 желтоқсанда күн ашық. Түнде -17℃, күндіз -8℃.
  • 2 желтоқсанда да ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -12℃, күндіз -8℃.

Алматы

  • 30 қарашада күн ашық. Түнде -8℃, күндіз -2℃.
  • 1 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -6℃, күндіз +1℃.
  • 2 желтоқсанда күн бұлтты. Түнде -2℃, күндіз +5℃.

Шымкент

  • 30 қарашада күн ашық. Түнде -2℃, күндіз +9℃.
  • 1 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -2℃, күндіз +12℃.
  • 2 желтоқсанда күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +3℃, күндіз +13℃.
Кілт сөздер:
Қазгидромет, тұман, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып