Қоғам

Сағынтаев Байбек туралы: істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық коммуникациялар қызметінде Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 10 айындағы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің атқарған жұмысына баға бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 10 айындағы қорытындысын баяндады. Кейін журналистер әкімге сауал қойды.

"Бұрынғы әкім Бауыржан Байбек мырзаның тағы қандай олқы жобаларын жөндеп жатырсыз? Байбек мырзадан мұра болып қалған тиіннің тағдыры не болмақ? Тиін жобасына 23 миллион теңге жұмсалды ғой. Сіз осыны алып тастайын деп жатыр деген ақпарат бар", - деді БАҚ өкілі.

Осы орайда қала басшысы бұрынғы әкімнің жұмысына жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Қазақтың "Өгізге туған күн бұзауға да туады" деген жақсы сөзі бар. Сол себепті Бауыржан Байбек мырзаның істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын. Әркім өз жұмысына жауап берсін. Жаңа қызметке келген адам өзінің жұмысын ары қарай жалғастырады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Кейін ол тиін мәселесіне тоқталды.

"Барлық мәселе тиінге келіп тірелсе, мен оған қуанамын. Яғни басқа жұмыс өз орнында болғаны ғой. Жұрттың көңіл-күйі орнында деген сөз. Тиін – жеке жоба. Ол сабаннан жасалған. Оны өздеріңіз білесіздер. Оның тозығы жеткен", - деді қала әкімі.

Тағы оқыңыз: "Заңның аты - заң": Сағынтаев отставкасына қатысты сауалға жауап берді

Оның айтуынша, бүгінде бұл жобаның жетекшілері қалалық басқармаға хабарласып, өз ұсынысын айтып жатыр.

"Яғни жобаны жандандыру мәселесі бойынша желтоқсан айында жобалар ұсынылады. Тұрғындар келіссе, бізде қарсылық жоқ. Егер болмаса, басқа шешім қабылданады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жаңалықтар
0