17:03 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Күн электр станциясы, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан түбінде 2020 жылдың наурыз айында ірі күн электр станциясы іске қосылады   

© Sputnik / Александр Кряжев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Қазақстанда, әсіресе елдің оңтүстігінде күн сәулесі жақсы түседі, ал ол энергияның осы түрін белсенді пайдалануға мүмкіндік береді

МӘСКЕУ, 29 қараша – Sputnik. Ақмола облысындағы "Нұра" күн электр станциясы 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәскеуде өткен "Еуразиялық экономикалық интеграция" XIV жыл сайынғы халықаралық конференциясында "Хевел" компаниялар тобының бас директоры Игорь Шахрай мәлімдеді.

"Қазақстанда, әсіресе елдің оңтүстігінде өте жоғары инсоляция (жер бетін күн сәулесімен сәулелендіру – Sputnik) бар. Біз аукциондарға қатысып, жеңіске жетуге, құқық алуға тырысамыз. Бүгін біз Қазақстан нарығында 237 мегават (МВт) көлемге құқық алдық", - деді Шахрай.

Оның сөзіне қарағанда, 100 МВт-ға шақталған бірінші станция белсенді құрылыс кезеңінде тұр, ол 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі.

"Ол "Нұра" деп аталады және Қазақстанның астанасына жақын жерде орналасқан. Меніңше, жақында болған 29 градус аязға қарамастан, құрылыс тоқтап қалмай, белсенді түрде жалғасып жатыр", - деді Шахрай.

Электр энергиясы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіне жеткізілетін болады.

Спикер компания өз жобаларын Қазақстанда іске қосуға мүдделі екенін атап өтті, өйткені елдің дамыған нормативтік-құқықтық базасы бар.

"Барлық қажетті заң қабылданды, онда ірі халықаралық консультанттар жұмыс істеді", - деді компания басшысы.

"Хевел" – күн энергетикасы саласында жұмыс істейтін ресейлік компаниялар тобы. Ол Ресейде күн (фотоэлектрлік) модульдерін шығаратын алғашқы толық циклді зауытты және бірінші өнеркәсіптік ауқымдағы күн электр станциясын салды. Қазақстанда филиалы бар.

Тақырып бойынша

Тоқаев атом электр станциясы салына ма деген сұраққа жауап берді
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
"Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты
Загрузка...

Басты тақырып