00:43 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Қазақстандық бүлдіршін

Маман желтоқсан айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5448 0 0

Астролог алдағы айға болжам жасап, қай күндер сәтті болатынын және қай уақытқа жоспар құрмаған жөн екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ирина Әбдірайымованың айтуынша, қыстың алғашқы айында Юпитер тауешкі жұлдызнама белгісімен тоғысады. Сондықтан бұл айда Тауешкілердің жолы болады. Сондай-ақ, 2020 жыл Торпақ, Бикеш, Сарышаян, Балық пен Шаяндарға сәттілік әкеледі деп болжанып отыр.

Саяси өмірде өзгерістер болады

Маман 2019 жылдың 26 желтоқсаны мен 2020 жылдың 15 қаңтарында Күн тұтылатынын атап өтті.

"Бұл әлемде елеулі өзгерістерге алып келеді. Өзгерістер 2021 жылдың наурызына дейін жалғасады. 22 желтоқсаннан бастап Тауешкі белгісінің айналасына Плутон, Сатурн, Юпитер сынды планеталар топтасады. Соның ықпалынан әлемде көптеген мемлекеттің басқару жүйесінде өзгерістер болады", - дейді Ирина Әбдірайымова.

Астролог жыл соңында Сатурн – Плутон планеталары бірігетінін, бұл өте сирек кездесетін астрологиялық құбылыс екенін тілге тиек етті.

"Бұл саяси өмірде өзгерістердің болуына әсер етеді. Саясаткерлер өз елін дамытудың жаңа жолдарын қарастырады. Сондықтан, олар мемлекеттік аппарат құрылымдарына, ішкі істер министрлігіне, күштік құрылымдарға, сот жүйесіне өзгеріс енгізуі мүмкін", - деп топшылады маман.

Әбдірайымованың айтуынша, желтоқсан айының алғашқы он күндігінде адамдар өзгерісті қалайды. Ғарыш энергиясы адамдарға әділдікке ұмтылуға күш береді.

"Бұл басшылыққа және жоғары қызметтегі шенеуніктің алдына өтінішпен баруға, жаңа нәрсе үйренуге, шет тілі курсына жазылуға, шеберлік сағаттарына қатысуға, кәсіби қабілетті шыңдауға таптырмас кезең", - деп атап өтті астролог.

Сезіміңізді білдіруден қорықпаңыз

Маманның сөзінше, махаббат планетасы – Венера 20 желтоқсанға дейін Тауешкі белгісінің жанында болады. Сол себепті осы айда адамдар өз сезімін байсалдылықпен білдіреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты

"Бұл кезеңде басталған романтикалық қарым-қатынас ұзаққа созылады. Бірақ сүйікті адамыңыз сезімін білдіреді деп күтпеңіз. Себебі, бұл уақытта адамның сезімі мен эмоциясы ақылға бағынады. Ал 3, 4 желтоқсанда эмоцияға беріліп, сезіміне ерік беруі мүмкін. Ұялшақ адамдар үшін бұл сезімін білдіруге сәтті күн. Бұл күндері қосымша табыс табуға да мүмкіндік бар. Сыйлық алып қалуыңыз ықтимал", - дейді ол.

Сақтықта қорлық жоқ

Осы орайда астролог қазақстандықтарды сақтандырды. Айтуынша, 5, 7 желтоқсан –  сәтсіз күндер, осы уақытта жол апаты көбеюі мүмкін. Сондықтан жолда өте абай болған жөн.

Бұл аралықта адамның көңіл-күйі де мың құбылады. Отбасында ұрыс-керіс болуы мүмкін. Ал 8-9 желтоқсан күндері, керісінше, адамдардың күш-қуаты артып, көңіл-күйі көтеріледі.

"10-12 желтоқсанда ақшаңыздың азайғанын байқап, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Біреуге ренжіп қалсаңыз, сабырға келуіңіз қиынға соғады. 12-15 желтоқсанда бойыңызға күш-қуат бітіп, жаңа іспен айналысуға деген ынтаңыз оянады. Осы уақытта жаңа идеялар пайда болып, жаңа жоспар құрасыз. Жаңа адамдармен танысып, жақсы қарым-қатынас орнатуыңыз ықтимал. Бұл сізге болашақта пайдасын тигізеді. Осы кезең жаңа істі бастауға қолайлы уақыт. Қаржы мәселесінде де сізді сәттілік күтіп тұр", - деді Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Маман 17-18 желтоқсан жемісті еңбек етуге қолайлы уақыт екенін айтып, 19-20 желтоқсанда жүргізушілерге абай болуға кеңес берді. Бұл күндері алданып қалуыңыз да ғажап емес екен. Сондықтан сақ жүргеніңіз абзал.

Ғашық болып қалуыңыз мүмкін

"Желтоқсан айының соңғы он күнінде Жерге әсер ететін энергия көздері өзгереді. Соның ықпалынан кенеттен сезім ұшқыны пайда болып, бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Бұл кезеңде қосылған жұптардың өмірге көзқарасы мен қызығушылықтары ортақ болмаса, бір-біріне деген сезімі суып кетеді", - деп ескертті астролог.

Ал 22 желтоқсанда ғашықтардың қарым-қатынасында дағдарыс болып, жолдары екіге айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, маманның болжамынша, 22-24 желтоқсанда адамдардың іскерлік белсенділігі артады.

"26 желтоқсанда Күннің тұтылуы (астана уақытымен сағат 11:18) нәтижесінде Ай Тауешкі белгісіне жақындайды. Бұл құбылыс әлеуметтік сала мен карьераға әсер етеді. Сондай-ақ, түсінбестік пайда болып, жақындарыңызбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Сол себепті эмоцияға беріліп, маңызды шешім қабылдауға асықпаңыз", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

Астролог 23-29 желтоқсан аралығында ешкіммен ұрсыспауға, тіл тигізбеуге кеңес берді. Көре алмаушылық, қызғаншақтық, реніш, эгоизм, ашуға ерік беру жаман қасиеттер екенін есте ұстаған жөн дейді Әбдірайымова.

Кілт сөздер:
астролог, қазақстандықтар, болжам
Загрузка...

Басты тақырып