01:42 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Жеке куәлік

Жеке куәлікте әке атын жазуға қатысты өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Владислав Воднев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2686321

Тиісті норма мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңда қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өткен аптада қол қойған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтар жеке куәлікті рәсімдегенде екі есімнен тұратын әкесінің атын дефис арқылы жаза алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бұған дейін екі сөзден тұратын есімдерге қатысты бірқатар қиыншылық болған. Әсіресе, ондай есімдер жеке куәлікте әкесінің аты ретінде көрсетілгенде екі есімнің біреуі, болмаса, екеуі бірге жазылатын. Енді, оны дефис арқылы жазуға болады.

"Мәселен, егер әкесінің аты "Асан-Әли" деп, дефис арқылы жазылса, баланың куәлігінде оны Асанұлы немесе Әлиұлы, я болмаса, "Асанәлиұлы" деп, бірге жазған. Енді, заң бойынша әкесінің аты дефис арқылы жазуға болады", - деді Айсина астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, осы норма "Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда қарастырылған.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған өткен аптада қол қойған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі де екі сөзден тұрады. Президент "Әке туралы толғаныс" атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен. Әкесі Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болды. 

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар бұдан былай жеке куәлікті өзімен бірге алып жүрмесе де болады

Кейін Қасым соғысқа аттанып, 1942 жылы қаза болды. Оны Ресейдің Ржевск ауданындағы Трубино ауылында жерледі. Осылайша, інісі Кемел 18 жасында тұл жетім қалып, жалғыз бауырының қазасына қатты қайғырды. Өз баласының атына ағасының есімін қосты.

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазды Тоқаев.

Тақырып бойынша

Қазақстанда құжат жасау қанша тұрады
Ипотека алу үшін қандай құжаттар керек
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады? Балаева түсіндірді
Қазақстанда жарты миллионға жуық адам жеке куәліксіз жүр
Кілт сөздер:
өзгерістер, ат, әке, жеке куәлік, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып