15:54 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
260 0 0

Министрдің пікірінше, қазіргі уақытта бастауыштан бастап, мектеп, колледж, универсиеттің жұмысын үйлестіру керек

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сенаторлардың ағарту министрлігін құруға қатысты ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Енді, ағарту министрлігін құру мәселесі біздің ведомствоның деңгейінде қаралатын мәселе емес. Бірақ министр ретінде өз ойымды білдіргім келеді. Меніңше, XXI ғасырдағы заманауи трендтерді қарайтын болсақ, бүгін біз бастауыштан бастап, мектеп, колледж, универсиет –барлығының жұмысын үйлестіруіміз керек", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Тағы оқыңыз: Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мектеп пен колледждің білім беру бағдарламалары қайталанып отырады. Осыған байланысты мемлекеттік стандарттарды өзгерту керек. Министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

"Колледжден ары қарай университетке баратын жастарды оқыту кезінде қайталанатын мәселелер бар. Сондықтан біз соның бәрін бір деңгейде, бір саясатта жүргізуге жұмыс істеп жатырмыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін үкіметке депутаттық сауал жолдаған сенатор Еділ Мамытбеков білім саласының бірқатар мәселесін көтерген болатын. Соның ішінде педагогикалық оқу орындарын біріктіру мен маман тапшылығы мәселесі бар. Бұдан бөлек, бір топ сенатор ағарту министрлігін қайта құруды қарастыру қажет деп санайды.

"Осы министрлік мектепке дейінгі, орта және арнайы орта біліммен айналысатын болады", - дейді Мамытбеков.

Тақырып бойынша

Қазақстанның министрлері тізерлеп отырып, арнайы курстан өтті
Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты
Депутат мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді
Жақыпованың ғылыми атағын қайтарып алуға мүмкіндік болмай тұр – Аймағамбетов
Кілт сөздер:
министрлік, Асхат Аймағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып