13:17 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Халықаралық Қызыл крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Осындай күрделі мәселелерді шешу ісінде Қазақстанның "Жусан" операциясын табысты жалғастырып отырғаны бүкіл әлемге үлгі болуы тиіс", – деп қолдау білдірді қайырымдылық ұйымының басшысы.  

Петер Маурердің хатында репатриация және реинтеграция мәселелерінде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасындағы ықпалдастықты нығайту, қақтығыс аймағынан оралған отбасы мүшелерін қауыштыру және адамдарға психологиялық қолдау көрсету қажеттігі айтылған. 

"Халықаралық Қызыл крест комитеті өз мандаты аясында және гуманитарлық мақсатта Қазақстан үкіметіне қолдау көрсетуге дайын. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға қатысы бар ұсталған адамдармен жолығып, пікір алмасуға қуанышты болар едік. Біз Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларында аталған күрделі мәселе жөнінде тәжірибе алмасу үшін осындай проблемаға тап болған басқа елдердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды ұсынамыз", – деп жазылған П.Маурердің хатында.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы жетекші неміс компанияларына қандай ұсыныс жасады

Тақырып бойынша

Президент Қырымның Ресейге қосылуына қатысты пікір білдірді
Украина Тоқаевтың Қырымға қатысты сөзіне пікір білдірді: Ертісбаев ойымен бөлісті
Меркель Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады – видеотрансляция
Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды
Кілт сөздер:
құтқару, балалар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып