12:36 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
667530

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық сериалдың эпизодына қатысты сан түрлі пікір айтып отыр. Ішкі істер министрлігінің өкілдері оны жіті тексеретін болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі "Сериал емес" сериалының материалдарын тексереді. Оның эпизодтарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері бар екені айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа заң жобасының нормасы талқыланды. Осы кезде тілші Hit TV телеарнасында көрсетілетін сериал туралы сұрақ қойды.

Сериалдың эпизодында күйеуі әйеліне қол көтереді. Бұған не себеп болды деген сұраққа жоғары оқу орнының оқытушысы өзі кінәлі екенін айтады. Бұл жағдай әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың ызасына тиді.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақстандық режиссердің кенже ұлы қайтыс болды

"Кез келген жағдайда әйел ер адамнан бір саты төмен. Егер әйел дер кезінде үндемей қала алса, отбасы да бақытты болады", - дейді сериал кейіпкері. 

Сюжет бойынша күйеуі соққыға жыққан әйелдің мұндай жауабына студенттер ду қол шапалақ соғады. 

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Амантай Әубәкіров сериалдың бұл эпизоды тексерілетінін айтты. 

Сондай-ақ, министрлік өкілі қолға алынған шараларға қарамастан, отбасындағы зорлық-зомбылық көрсеткіші артып келетінін жеткізді.

2017 жылы 446, 2018 жылы 919, ал осы жылдың тоғыз айында 759 факт тіркелген.

Тақырып бойынша

Айдалаға апарған: Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өртеп жіберді  
Оралда ер адам әйелін гранатаға ұқсас затпен кепілге алды
Желіні шулатқан видео: ер адам әйелін шынжырға байлап, тұтқында ұстаған
Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады
Әйелін жерлеу рәсімі кезінде күйеуі адам сенгісіз жайтты байқап қалды
Кілт сөздер:
тексеріс, желі, ІІМ
Загрузка...

Басты тақырып