12:01 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3947 0 0

Қазақстандағы белгілі экономист Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке тағайындалды – ол енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болады

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президентінің кеңесшісі болып белгілі экономист Олжас Құдайбергенов тағайындалды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде саясаттанушы және кәсіпкер Ербол Еділов хабарлады.

Олжас Құдайбергенов Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпаратты растады.

"Бұл рас. Сейсенбі, үшінші желтоқсанда тағайындалдым", - деді Құдайбергенов.

Құдайбергеновтың айтуынша, президент оған экономикалық сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесші болуды ұсынған.

Оның сөзінше, штаттан тыс кеңесші лауазымы – қоғамдық қызмет, сондықтан жалақы төленбейді, Ақордадан кабинет берілмейді.

Олжас Құдайбергенов туралы не білеміз?

Экономист Олжас Құдайбергенов 37 жасында Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып отыр.

Қазіргі уақытта ол CSI консалтингтік компаниясының аға серіктесі. 2014 жылы Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтің (қазір "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы - Sputnik)  кеңесшісі болды.

Олжас Худайбергенов
© Sputnik / Владислав Воднев
Олжас Құдайбергенов

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының жанындағы экономикалық сарапшылық кеңестің мүшесі.

Құдайбергенов 1982 жылы 21 маусымда Түркістанда туған. Үйленген, балалары бар.

2001 жылы Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын бойынша бітіреді. Бұдан бөлек КИМЭП университетінде білім алған.

Экономиканың түрлі секторында басшылық қызметтерде істеді.

Тақырып бойынша

Қырымбек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
"Қыдекеңе таңсық емес": Қарақат жаңа қызметке келген күйеуін әбден мақтады
Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды
Светлана Жақыпова қызметінен босатылды
Тоқаев Ерлан Қаринге жаңа қызмет ұсынды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып