Қоғам

Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады

© Sputnik / Елена БережнаяНеобъяснимое явление – загадочные круги на полях. Вид с дороги
Необъяснимое явление – загадочные круги на полях. Вид с дороги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресей Байқоңырда жалға алған 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Хаттамаға сәйкес, Ресей жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатады.

"Жалпы алаңы 1740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр", - деді ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, қайтарылатын жер учаскелері республикалық маңызы бар нысандардың құрылысы үшін және Төретам кентін дамыту үшін қайта беріледі.

"Бұл жергілікті халықтың өмір деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді. Заң жобасы респубикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді", - деп нақтылады Сапаров.

Сондай-ақ, ол Ресейбұл учаскелерді жалға алуды тоқтатқанмен, жыл сайынғы жалдау ақысы сол күйі қалатынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: "Үзілді-кесілді қарсы": Тоқаев жұрттың наразылығын тудырған мәселені қозғады

Сапаровтың мәліметіне сүйенсек, қазір Ресей Байқоңырда 650 мың гектар жерді жалға алып отыр. Қазір 11,6 мың гектарды арендадан шығарылуда.

"Әрі қарай босаған жерлер болса, онда тиісті жұмыс жүргізіледі. Ал әзірге ондай жоспаржоқ. Жалға алу ақысы 118 миллион доллар сол күйі қалады", - деді ол. 

Хаттамаға екі ел президенттерінің қатысуымен 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде өткен форумда қол қойылды.

Сенат мәжіліс мақұлдаған заңды бірауыздан қабылдады.

Жаңалықтар
0