22:22 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
152 0 0

Осы уақытқа дейін "Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 қазақстандық қайтарылды, оның ішінде 406 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталығы террористік топтарға қосылған қазақстандықтарды елге қайтару шараларының аяқталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Штаб бастығының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, осы уақытқа дейін "Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Олардың ішінде 406 бала бар.

"Репатриация процесі аяқталған жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес", - деді Швейкин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда журналистер: "Бұл соңғы мәлімет болмаса, "Жусан" операциясы жалғасады деген сөз бе? Бәлкім, "Жусан-3" бола ма?", - деп нақтылауды өтінді.

"Бәлкім, "Жусан-3" болмайды. Себебі бұған дейін "Жусанның" төрт кезеңі атқарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару шаралары жалғасуда. Осы санаттағы адамдардың саны артады деп күтіп отырмыз", - деп атап көрсетті Швейкин.

Сириядан қайтарылғандар қалай жазаланды?

Айта кетейік, күні кеше астанада Сириядан қайтарылған 14 адамға қатысты соттың үкімі шыққан болатын. Оған сәйкес, Қазақстан азаматтары қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256-бабы (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру), 257-бабы (террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) және 313-бабы (қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату) бойынша кінәлі деп танылды.

В Нур-Султане озвучили приговор 14 казахстанцам, вернувшимся из Сирии
© Sputnik / Жания Уранкаева.
Сириядан қайтарылған 14 адамға сот үкімі шықты

Соттың шешімімен Нұрлан Қамалов - 14 жылға, Газинұр Бақытжанов - 13 жылға, Аманжол Жансеңгіров - 12 жылға , Тұрлан Әбілқайыров, Руслан Қуанов, Думан Сәдуақасов пен Дәурен Сәбитұлы - 11 жылға, Данияр Әлтаев - 10 жылға, Бақтияр Ибраев пен Данабек Төреханов - 9 жылға, ал Абзал Амангелді, Алмаз Нарбутин және Ермұхан Айыпқалиев пен Жандос Әжмәмбетов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Әрбіреуі жәбірленушілердің өтемақы қорына 50 000-75 000 теңге аударуы шарт. Сотталғандардың мүлкі тәркіленбейді.

Тақырып бойынша

"Жусан" гуманитарлық операциясының соңғы кезеңі - Тоқаев мәлімдеме жасады
"Жолда баламды өлтіріп алдым": Сириядан оралған келіншектің азапты өмірі
Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың ісі бойынша соттың шешімі шықты
Сириядан оралған жігіт содырлар үш досын не үшін атып тастағанын айтып берді
13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео
"Адам басына аяғын қойып, фотоға түсті": Сириядан келген жігіт әрекетін түсіндірді
Террористік топтардың қатарында қанша қазақстандық жүргені белгілі болды
Кілт сөздер:
ұлттық қауіпсіздік комитеті, жусан
Загрузка...

Басты тақырып