Қоғам

Қазақстандық волонтер репортаж кейіпкері болуы үшін не істеуі керек?

© Sputnik / Владислав ВодневРеспубликанский форум волонтеров
Республиканский форум волонтеров   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде күн сайын волонтерлер адамдарға көмектесіп, олардың өмірін жақсартуға тырысады. Бұл жандардың арасында жастарға үлгі бола алатын нағыз қаһармандар да бар. Алайда оларды аз адам таниды

Бұл олқылықты жою үшін астанада өткен республикалық форумда алғаш рет медиаволонтерлік тақырыбы қозғалды.

Жиынға  "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің "Волонтер мектебі" жобасының жетекшісі Мария Ферсман мен Sputnik Қазақстанның шеф-редакторы Динара Досмұхаметова қатысты.

© Sputnik / Владислав Воднев"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің "Волонтер мектебі" жобасының жетекшісі Мария Ферсман
Қазақстандық волонтер репортаж кейіпкері болуы үшін не істеуі керек? - Sputnik Қазақстан
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің "Волонтер мектебі" жобасының жетекшісі Мария Ферсман

Журналистер волонтерлерге бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатудың жолдары туралы айтты. Жиылғандар баспасөз релизін жазу, журналистердің қызығушылығын тудырудың құпиялары туралы білді. Мұның бәрі оларға 2020 жылы қажет болады. Өйткені келер жыл Волонтер жылы деп жарияланды.

Мария Ферсман 2018 жылы Ресейдегі волонтер жылы туралы айтты, тәжірибе бөлісті.

"Тыңдарманға ұзақ әрі қиын жазылған мәтін қызық емес. Олар адамдардың хикаялары туралы білгісі келеді. Өйткені нақты адамдарға көмек көрсеткілері келеді", - деді Мария Ферсман.

© Sputnik / Владислав ВодневРеспубликалық форумда алғаш рет медиаволонтерлік тақырыбы сөз болды
Қазақстандық волонтер репортаж кейіпкері болуы үшін не істеуі керек? - Sputnik Қазақстан
Республикалық форумда алғаш рет медиаволонтерлік тақырыбы сөз болды

Sputnik Қазақстанның шеф-редакторы Динара Досмұхаметова медиаволонтерлік тақырыбы SputnikPro тренингінде міндетті түрде талқыланатынын айтты. Мұндай тренингтерді Sputnik Қазақстан келер жылдан бастап жүргізе бастайды.  

"Біз 2020 жылы SputnikPro бағдарламасы аясында шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Олардың біреуі волонтерлерге арналады. Волонтерлік ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатқысы келеді. Оның үстіне 2020 жыл елімізде волонтерлерге арналады", - деді Досмұхаметова.

© Sputnik / Владислав ВодневРеспубликанский форум волонтеров
Қазақстандық волонтер репортаж кейіпкері болуы үшін не істеуі керек? - Sputnik Қазақстан
Республиканский форум волонтеров

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту. Жоба іске қосылғаннан бері оған 80-нен астам елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары Әзербайжан, Армения, Абхазия, Беларусь, Грекия, Грузия, Үндістан, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Эстония мене Оңтүстік Осетияда ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
0