16:33 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
115301

Бұған дейін танымал тергеушінің үстінен азаптау туралы арыз түскені хабарланған болатын. Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу 5 желтоқсанда қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, барлық тергеу амалдары жүргізілген, материалдар заңдылықты тексеру үшін прокуратураға жолданды.

Бұған дейін танымал тергеушінің үстінен азаптау туралы арыз түскені хабарланған болатын.
Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан.

Атап айтсақ, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеді.

Тағы оқыңыз: Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2019 жылдың мамырында қызметінен босатылды.

Күрделі сыбайлас жемқорлық істерін тергегені үшін 2017 жылы II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталып, беделді "Алтын Адам" жүлдесінің "Жылдың мемлекеттік қызметшісі" деп танылды.

Тақырып бойынша

"Бишімбаев ісі" бойынша милллиард теңге өтелді
Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ішкі істер министрлігі қазақстандық танымал тергеушіге қатысты тексерісті бастады
Жамбылдық жігіттің өлер алдындағы хатында үш полицейдің есімі аталған
Танымал тергеуші тексеріске алынды: министр түсініктеме берді
Кілт сөздер:
сот ісі, тергеуші, шенеуніктер
Загрузка...

Басты тақырып