06:05 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
409 0 0

Бұған дейін сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстан мен Ресей азаматтарының ел аумағында болу шарттары бірдей емес екенін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандықтардың Ресейде болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Ресейдің сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Александр Стерник айтты.

Сенат спикері Дариға Назарбаева Ресейге сапары барысында екі ел азаматтарының өзара сапарлары мәселесінде бірдейліктің (паритет) жоқтығын айтқан болатын. Яғни Қазақстан азаматтары виза режимінде Ресей Федерациясында 90 күн тұрғаннан кейін елден кетіп, қайта келу үшін 90 күн күтуі керек. Ал Ресей азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн болғаннан кейін елден кетіп, сол күні қайта оралып, тағы 90 күн сонда тұра алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей шекарасында кезек болмайды: жол картасы қабылданбақ

"Қазіргі уақытта Ресейде оқитын немесе заңды түрде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары 90 күннен артық бола алады. Қазақстан тарапы елімізге жеке жұмысымен келетін адамдардың мәселесін шешуге көмек сұраған болатын", - деді Александр Стерник.

 

Тақырып бойынша

Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту жеңілдейді – президент заңға қол қойды
Назарбаева Ресейде Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғады
$314 миллион: Ресей Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғыртады
Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың бағдарламасы әзірленді – видео
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ресей, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып