Қоғам

Олжас Сүлейменов қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді атады

© Sputnik / Тимур БатыршинОлжас Сулейменов
Олжас Сулейменов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақын және қоғам қайраткері Sputnik Қазақстанға халықтың әл-ауқатын арттыру неліктен маңызды екенін жеткізді 

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Белгілі жазушы, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді айтып берді.

"Невада-Семей" антиядролық қозғалысы жетекшісінің айтуынша, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы екіге – ауқатты және жарлы топқа бөлінді. Сүлейменов бұл айырмашылықты қысқарту республика билігінің алдағы бес-он жылдағы басты міндеті деп санайды.

"Бұл болашақта қиындық тудыратын өте жағымсыз дерек. Қазір аз ғана дәулетті топ пен қаптаған кедейдің арасындағы алшақтықты азайтуға тырысуымыз керек. Олардың арасында элита мен қоғамның қалған бөлігін қақтығыстардан құтқаратын "қалың" орта тап болуы тиіс", - деп қорқынышын жеткізді ақын.

Қоғам қайраткері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл проблеманы жете түсініп, билікке қазақ қоғамын таптық қарсыласудан арылту міндетін қойып отырғанын атап өтті.

"Кеңестік кезеңдегі 70 жылда біз бөлінуден құтылдық. Халық бай мен кедейге бөлінбеді, бірдей кеңес адамы болды. Тәуелсіздік жылдарында пролетарлар мен буржуа қайта бой көтерді. Қауіпті қақтығыстардың алдын алу үшін материалдық қана емес, мәдени, рухани тұрғыда да шекара болмауы қажет", - деп толықтырды жазушы.

Тағы оқыңыз: Перуашев қара халықты қорқытып-үркіткен вице-министрдің мәлімдемесіне шүйлікті 

Олжас Сүлейменов елімізде орта таптың пайда болуының басты шарты шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау екенін айтады.

Мысал ретінде ақын сонау жетпісінші жылдары кәсіпкерлерді бес жылға салықтан босатқан Қытай басшысы Мао Цзэдунды еске түсірді.

Олжас Сүлейменов сонымен бірге елде билік ауысқан кезде қандай сезімде болғанын әңгімеледі. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет өміріне араласуды жалғастырып, жаңа президентке көмектесіп жүр. Сондықтан Сүлейменов президенттің ауысуынан айтарлықтай айырмашылық сезінбепті.

Жаңалықтар
0