Қоғам

Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото

© Sputnik / Тимур БатыршинМитинг 16 декабря в Алматы
Митинг 16 декабря в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Полиция 16 желтоқсан - республиканың Тәуелсіздік күні жиналған рұқсат етілмеген акциялардың 55 қатысушысын ұстады, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 16 желтоқсандағы заңсыз митинг: Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

"16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырылды. Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар арандатушылыққа ұшырап, заңсыз акцияларға қатысты. Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді", - делінген салалық ведомство мәліметінде.

© Sputnik / Тимур Батыршин16 желтоқсандағы митинг
Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото - Sputnik Қазақстан
16 желтоқсандағы митинг

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан астанасында ондаған азамат Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы митинг
Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы митинг

Ал Алматы қаласында осыған ұқсас акция Қазақстан Тәуелсіздігі монументінің жанында өтті.

"Жергілікті атқарушы органдардың митингілер өткізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы ескертулеріне қарамастан, жиналғандар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы көшелеріндегі шеруді жалғастырды. Осылайша, олар мереке күні азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзды", - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.

© Sputnik / Тимур Батыршин16 желтоқсандағы митинг
Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото - Sputnik Қазақстан
16 желтоқсандағы митинг
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы митинг
Тәуелсіздік күніндегі митингілер: қанша адам ұсталды - фото - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы митинг
Жаңалықтар
0