11:08 21 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.16
  • EUR406.18
  • RUB5.90
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
210402

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбидің ұсынылған үш нұсқасы да шикі болып шыққанын айтты. Ол бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау керек деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды. Жаңа әліпбиді енгізу үшін барлығы жіті салмақтап, жан-жақты талдау жасап, пысықтау қажет. Ұсынылған үш нұсқа да шикі болып шықты. Мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау керек", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Президенттің айтуынша, бұл жерде кириллицаны латынға ыңғайластыра салу туралы ғана сөз болып отырған жоқ.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін латын әліпбиінің 10 нұсқасы қаралды

"Қазақ тілін реформалау, қажет болса, тілімізді жаңғырту қажет. Тағы бір мәрте мәлімдеймін, біз  қазақ тілін реформалап жатырмыз. Ұлтымыз үшін мұндай тарихи мәселеде науқаншылдық пен бейқамдыққа жол жоқ!", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, елордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтіп жатыр. 

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын.

Тақырып бойынша

Ғалымдар Тоқаевтың жаңа әліпбиге неліктен көңілі толмағанын түсіндірді
"Көшеде латынша жазуға әлі ерте": ғалым қазіргі әліпбидің кемшіліктерін атады
Ұлттық банк жаңа банкнотада неліктен жаңа әліпби қолданылмағанын түсіндірді
"Кедергіге ұшырайды": депутат тілге қатысты маңызды мәселені көтерді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, мәлімдеме, қазақ тілі
Загрузка...

Басты тақырып