Қоғам

Иманғали Тасмағамбетовтің анасы өмірден озды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ділдә Қоқанова 89 жаста болған. Қайғылы хабар туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандық саясаткер, Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің анасы Ділдә Қоқанова қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

"Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарпайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол. Біз Ділдә Матайқызын әрқашан жоғары иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

Иманғали Тасмағамбетов 9 желтоқсан күні 63 жасқа толып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен 18 желтоқсан күні кеткен болатын. 

Сыртқы істер министрлігі дипломаттың қызметінен өз еркімен кеткенін айтты. 

Жаңалықтар
0