16:00 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
398 0 0

Бас прокурордың орынбасары енді бұл қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама болмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратура мал ұрлығы үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заң жобасына "мал ұрлығы" деген бөлек бап енгізіліп отыр. Ол қылмыс үшін басқа қылмыс түрлеріне қарағанда жаза қатал болады.  

"Қазір мал ұрлау кәсіпке айналған. Оны, көбінесе, топ болып, алдын ала сөз байласып, қора-жайға бұзып кіріп жасайды. Ондай ұрлықта ұйымдастырушы, қасапшы, тасымалдаушы, жалған құжат жасайтындар, базарда алыпсатарлар болады. Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқоршылық жасайтын шенеуніктер мен құқық қорғау органдары да бар. Осының бәрі жүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті", - деді Ахметжанов сенаттың пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, енді осы қылмыста "теріс қылық" пен "орташа ауыр қылмыс" деген анықтама болмайды. Заң жобасы бойынша қомақты айыппұл мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ірі мөлшерде адамдар тобымен алдын ала сөз байласып жасалса, 7 жылға дейінгі жаза болады.

Татуласуға жол жоқ: ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады 

"Бірнеше рет немесе мал-қораға кіріп жасалса, 10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр", - деп атап көрсетті Ахметжанов.

Айта кетейік, сенаторлар қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Тақырып бойынша

Екі миллиард теңге ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
"Ұрлық бар": ішкі істер министрі Арыс қаласындағы ахуал туралы айтты
Мал ұрлаған адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Банк қызметкері 87 миллион теңгені қымқырып, шетелге қашып кетті
Кілт сөздер:
жаза, ұрлық
Загрузка...

Басты тақырып