Қоғам

Тоқаев Sputnik Қазақстан тілшісіне алғысын білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевНургуль Аубакирова
Нургуль Аубакирова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы елдегі тың реформаларды насихаттауға елеулі үлес қосқаны үшін Sputnik Қазақстан тілшісін марапаттады

НҰР-СҰЛТАН, 26 дек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі қазақ редакциясының тілшісі Нұргүл Әубәкіроваға алғысын білдірді.

Журналистке алғыс хат Ақордада табысталды.

"Сізге ұлттық журналистканы дамытуға, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттауға елеулі үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіремін", - делінген президенттің алғыс хатында.

Осы орайда Нұргүл Әубәкірова қуанышты жағдайдан алған әсерімен бөлісті.

Тағы оқыңыз: Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады 

"Шынын айтсам, мұндайды күткен жоқпын. Жұмысыма мұншалықты жоғары баға берілгеніне қуаныштымын. Әрине, Жаңа жылда мұндай сыйлық берілгені қуантады. Шын жүрегіммен барша қазақстандықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын", - деді Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, Нұргүл көпбалалы отбасында тәрбиеленген, үйдің үлкені. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Социал ауылында дүниеге келген. Оның 4 інісі мен сіңлісі бар. Нұргүл Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алған.

Sputnik Қазақстан ұжымы әріптесін шын жүректен құттықтай отырып, оған шығармашылық табыс тілейді.

Осыған дейін Нұргүл Әубәкірова Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған "Жасампаз елдің жастары" конкурсында "Ақпарат агенттіктеріндегі үздік жарияланым" номинациясында жеңімпаз атанған болатын.

Жаңалықтар
0