10:27 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)
1022 0 0

27 желтоқсанда Алматы түбіндегі ұшақ апатынан көз жұмған генералдар кеңесінің төрағасы Кеңсай зиратында жерленді

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматыда маңындағы ұшақ апатынан қаза болған Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде өткен қаралы жиынға мыңға жуық алматылық келді. Қала тұрғындары марқұмның туыс-туғанына, жақындарына көңіл айтты.

Жиынға келген Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың генералдар кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ішкі істер саласының ардагері, генерал-майор Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына арнаған жеделхатын оқып берді.

Похороны генерала Рустема Кайдарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

"Қадірлі Рүстем Есімханұлының ұшақ апатынан қаза болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Рүстем Қайдаров еліміздің ішкі істер саласының дамуына, құқық қорғау жүйесінің қалыптасуына, ұйымдасқан қылмыспен күресуде өте зор үлес қосты. Ол мемлекеттік іс жолында адал қызмет атқарды. Оның жарқын бейнесі қазақстандықтардың  жүрегінде мәңгі сақталады деп ойлаймын. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын," - делінген президент жеделхатында.

Бакытжан Сагинтаев
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Рүстем Қайдаровты шығарып салу рәсімінде

Алматы қаласы әкімі өз сөзінде ел президенті жарлығымен 28 желтоқсан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын айтып өтті. Сондай-ақ, Рүстем Қайдаровтың еңбек жолын айта келіп, естеліктерімен бөлісті.

"Көненің көзін көрген, ескінің сөзін білген, өзіміз арқа тұтып жүрген аптал азамат, асыл ағамыздың қайғысы баршамызға ауыр тиді. Ағамыз еліміз егемендік алған жылдары көп еңбек сіңірді. Әсіресе, құқық қорғау саласының басы-қасында өзі болып, көптеген заңның қалыпқа келуіне атсалысты. Оны өзім көзіммен де көрдім. Кейінгі жылдары генералдардың басын қосып,  кеңес құрды", - деді қала әкімі.

м
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

"Жақында ғана жұмыс орныма келіп, жоспарларын айтып, шығарған кітаптарын көрсеткен еді. "Демалмайсыз ба, аға?" дегенімде "Демалуға уақыт жоқ, жұмыс деген көп. Бәріне үлгеруім керек" деп айтып еді. Спорт, құқық қорғау саласы, ғылым-білім, экономика саласына да үлгергісі келіп, асығып жүргендей болды. Ағамыз нағыз генерал болып дүниеден өтті. Қайғыларыңыға ортақпын. Жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Қош бол, ардақты аға!", - деді ол.

Похороны генерала Рустема Кайдарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

Сондай-ақ, парламент сенаты төрағасының, Нұрсұлтан қаласы әкімі, Алматы облысы әкімінің, алыс-жақын шетелден, елшіліктерден келген көңіл айту жеделхаттары оқылып, марқұмның туыстарына тапсырылды.

Мәжілісінің депутаттары атынан генерал-лейтенант Абай Тасболатов марқұмның туыстарына көңіл айтты. Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жеделхатын оқып берді.

Похороны генерала Рустема Кайдарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

"Егемен еліміздің қалыптасу, даму жолында өшпес із қалдырған ардақты азамат, қайраткер тұлға, ел ағасы Рүстем Есімханұлының кездейсоқ апаттан қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына орны толас ауыр қазаға ортақтасып көңіл айтамын. Рүстем ағамыз үлкен жүректі, ұлтжанды, ақыл-парасаты биік жандардың бірі еді. Ардақты ағамыз құқық қорғау саласын нығайтуға, осы бағытта сапалы заңдар қабылдауға үлесін қосқан, бірнеше буын ұрпақты ұлттық патриоттық бағытта тәрбиелеген халықтың қадірлі азаматы болды. Өмір бойы елімізге еңбек еткен қайсар тұлғаның еңбек жолы ұрпаққа өшпес өнеге. Рүстем Есімханұлының қадірлі есімі, ақжарқын бейнесі барша халықтың жүрегінде сақталары сөзсіз", - делінген мәжіліс төрағасының хатында.

Похороны генерала Рустема Кайдарова
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

Рүстем Қайдаров 79 жасында дүниеден өтті. Бір ұл, бір қызы, үш немересі бар. Марқұм Кеңсай-2 зиратында жерленеді.

Рүстем Қайдаровтың өмірбаяны

Рүстем Есімханұлы Қайдаров 1940 жылы 18-мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келген. Киров атындағы ҚазМУ-ді заңгер мамандығы бойынша бітірген. К

еңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеп, КСРО ІІМ-нің Қазақстан және Қырзызстан бойынша ұйымдасқан қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақаралық басқармасының бастығы болған.

Ал 1992-1995 жылдары ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - бас тергеу басқармасының бастығы. 2000 жылдан бері "Генералдар кеңесі" ҚБ төрағасы қызметін атқарды.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш қазір ауруханада жатыр.

Әуелі полиция ұшақтың құлауына себеп болған екі жағдайды алға тартқан еді – техникалық ақаулық немесе ұшқыштың қателігі. Кейін үшінші себеп айтылды - метеорологиялық жағдай. 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)

Тақырып бойынша

Алматыдағы апат: сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Полиция Алматы түбіндегі ұшақ апатының үшінші себебін жария етті
Ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш қамауға алынған жоқ – ІІМ
Алматы түбінде құлаған ұшақтың командирі туралы ақпарат жарияланды
Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған
Ұшақтан адамдарды құтқарып жатқан кезде үйдің төбесі опырылып түскен
Кілт сөздер:
фото, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып