Қоғам

Алматыдағы ұшақ апаты: министр зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

© Photo : Александр МирогловСпасательные работы при крушении самолета под Алматы
Спасательные работы при крушении самолета под Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екінші ұшқыштың жағдайы жайлы да мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазір Алматы мен Алматы облысының ауруханаларында 46 пациент жатыр, тоғызының жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір ауруханаларда 46 науқас жатыр, кешегі күндері үш науқас үйлеріне шығарылды. 46 науқастың тоғызы – бала. Балалар қазір қалалық жедел медициналық көмек орталығында. Қазір олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық бала жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылды. Қажетті ем қабылдауда", - деді Біртанов үкімет отырысынан кейін.

Айтуынша, тоғыз пациенттің жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр.

"Бір науқастың хәлі өте нашар, ол Алматы облыстық ауруханасында ем қабылдауда", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сондай-ақ, министр екінші ұшқыштың жағдайына да тоқталды. 

"Жағдайы ауыр, бірқалыпты, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Біртанов.

Жаңалықтар
0