Қоғам

Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы ауысты

© Photo : пресс-служба МИИР КазахстанаПредседатель правления Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев Габит Тажимуратов
Председатель правления Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев Габит Тажимуратов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа басшы келді, енді елорданың әуе айлағын Ғабит Тәжімұратов басқарады

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды.

Бұған дейін Тәжімұратов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ғабит Тәжімұратов туралы не білеміз?

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік техникалық азаматтық авиация университетін ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы "IBS Astana" және "EU" Халықаралық бизнес мектебін тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады

Әр жылдары "Қазавиасертификация" ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі мен жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың техникалық аудиті бойынша бас сарапшы-аудитор, бөлім бастығы, көлік және коммуникация министрлігінде бөлім, басқарма бастығы қызметін атқарды.

  • 2010-2014 жылдары Қазақстан президентінің іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі болды.
  • 2014-2015 жылдары  –  "Airport Management Group" ЖШС бас директорының орынбасары (ҚР әуежайларды басқарушы компания).
  • 2015-2019 жылдары –  "Астана халықаралық әуежайы"АҚ басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор.
  • 2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, Қазақстан президентінің және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған.

2015 жылы "Құрметті авиатор" төс белгісімен марапатталған.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтар
0