19:05 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8108 0 0

Енді дәптерді тексергені үшін қосымша ақылар екі есеге артады. Тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы немесе 17 500 теңге ай сайын төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

"Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылғанын атап өтті. Мәселен, дәптерді тексергені үшін қосымша ақылар екі есеге артады. Тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы немесе 17 500 теңге ай сайын төленеді.

"Педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30-50 процент арасында қосымша ақы қарастырылған. Тағы бір маңызды мәселе, біраз жылдан бері колледж мұғалімдері, қосымша білім беру мен балабақша мұғалімдері категория бойынша ақы алмаған. Енді, осы мәселе де қарастырылды. Аттестация бойынша қосымша ақылар төленеді", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде педагогтерге қосымша ақы төлеуге құқылы.

Тағы оқыңыз: Білім министрі таяуда жақсы жаңалық болатынын мәлімдеді

 Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселелеріне баса назар аударылады. Ол үшін әрбір білім беру мекемесінде әдеп кеңестері жұмыс істейді.

"Ал материалды емес ынталандыру тетіктері аясында мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылып отыр. Барлық педагог алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы кеңейтілді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Тақырып бойынша

Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді
Бес жылда білім саласы қалай өзгереді – министр жаңа бағдарламаны таныстырды
Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді
Қазақстанда оралман мәртебесін алу шарты өзгереді
Саясат Нұрбек қоғамдық сенім кеңесінде маңызды ұсыныс айтты
Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
мұғалімдер мәртебесі, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып