16:08 09 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD435.54
  • EUR473.08
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
263 0 0

Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 процентке өсіруді тапсырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі студенттердің шәкіртақысын өсіруге қатысты тапсырманың қалай орындалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, студенттердің шәкіртақысын 25 процентке өсіру үшін бірқатар нормативтік актіні өзгерту керек. Бүгінде министрлік осы жұмыспен айналысуда.

"Қазіргі кезде біз нормативтік-құқықтың актілерге тиісті өзгерістерді енгізіп жатырмыз. Меніңше, осы айдың соңына дейін біз сол нормативтік актілерді қабылдаймыз. Ал қаңтардың соңына дейін үлгермесек, онда қайта есептеу жасалады да, ол ақша ақпан айында толығымен төленеді", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Мұғалімге тіл тигізгендер қамауға алынады - жаңа заң нормалары

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жастармен кездескен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысын 25 процентке арттыруды тапсырған болатын.

"Стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеген. Бірақ, оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды", - деді президент.

Атап айтсақ, колледж студенттерінің стипендиясы да 25 процентке артады.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдер салық төлемейді?
Қазақстанда бірнеше қылмыстың жазасы қатаңдатылды
Тоқаев 2020 жылғы жұмыстың басым бағыттарын пысықтады
Тоқаев заңға қол қойды – не өзгереді?
Кілт сөздер:
ақша, студенттер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып