05:13 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
920 0 0

Мамандар белгісіз нөмірден келген күмәнді хабарламаны ашпауға кеңес береді, әйтпесе телефондағы жеке мәліметтеріңіз ұрлануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде жаңа вирус пайда болды.

Мессенджер қоданушылары оған "жаңажылдық" деп ат қойып алған, деп хабарлайды gizchina.com порталы.

Вирус өте қарапайым әдіспен жұмыс істейді: қолданушыға сілтемемен бірге жаңажылдық құттықтау жазылған хабарлама келеді. Сілтемені басқан кезде, вирусы бар ресурс ашылады. Осылайша, алаяқтар адамның телефонында сақталған жеке мәліметтері мен ақпаратын ұрлайды.

Мамандар алаяқтардың арбауына түспес үшін белгісіз нөмірден келген хаттарды ашпауға кеңес берді. Оларды бірден бұғаттап, қолдау қызметіне хабар берген абзал.

Тағы оқыңыз: Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды

Бұған дейін 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататыны хабарланған еді.

Тақырып бойынша

WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады
Миллиондаған қолданушы WhatsApp-сыз қалады
Қазақстан президенті WhatsApp арқылы тапсырма беретінін айтты
Бір айдан кейін кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейді
WhatsApp қолданушылармен соттасқалы жатыр
Загрузка...

Басты тақырып