Қоғам

Министр кімдерге лайықты жұмыс ұсынылатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атаулы әлеуметтік көмектің талабы бойынша отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, оған жұмыс ұсынылады. Одан бас тартса, барлық отбасы әлеуметтік төлемнен айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмысқа міндеттелмейтін азаматтардың санатын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мүгедектерге ондай шарт қойылмайды. Сосын оқып жүргендер жұмыс істеуге міндеттелмейді. Бұдан бөлек, 3 жасқа дейін баламен немесе мүгедек жанмен отырғандар, ересектерден I және II топтағы мүгедек, сосын күтімді қажет ететін қарт адам болса, осы күтіммен айналысып жүрген кісілерге жұмыс істеу шарты қойылмайды", - деді Нұрымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, осы санатқа кірмейтін азаматтардың барлығына жұмыс ұсынылады. Одан бас тартса, барлық отбасы мүшелері атаулы әлеуметтік көмектен айырылады.

"Бұл жерде бір маңызды мәселені ескеру керек, кез келген жұмысты ұсынбайды. Бізде жұмыспен қамту туралы заң бойынша тәртіп белгіленген. Ол кісіге лайықты жұмыс ұсынылады. "Лайықты" дегеніміз, оның өз мамандығы, тұратын жері ескеріледі. Ондай жұмыс болмаса, басқа шараларды ұсынамыз", - дейді Нұрымбетов.

Тағы оқыңыз: Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты

Айта кетейік, биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын төленетін болады. Оны  тағайындау тәртібі өзгермеді. Оған сәйкес, отбасының әрбір адамға шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен (21 828 - Sputnik Қазақстан) аспауы тиіс. Ал атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері өзгерді.

"Бұл жерде отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен төмен болса, орташа табыс пен өлшемшарттың (күнкөріс деңгейінің 70 проценті - Sputnik Қазақстан) арасындағы айырмашылық төленеді", - деді Нұрымбетов.

Жаңалықтар
0