21:15 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
843 0 0

Депутаттар ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін сессияның соңына дейін біраз заң қабылдау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Бүгін парламент мәжілісінің 2020 жылдағы алғашқы пленарлық отырысы ашылды. Спикер Нұрлан Нығматулин биыл қандай міндеттерді шешу керектігін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде мәжілістің портфелінде 61 заң жобасы бар. Бізге осы сессияның аяғына дейін ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін біраз маңызды заңды қабылдау қажет. Мәселен, бүгін біз бірқатар заң жобасын жұмысқа алып отырмыз. Соның ішінде Экология кодексінің жаңа редакциясы да бар", - деді Нығматулин отырыстың басында.

"Неге күлесіз?!": Нығматулин министр Атамқұловқа ескерту жасады 

Оның айтуынша, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша біраз еңбектену керек. Сондай-ақ, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізіледі.

"Біз жаңадан әзірленген Әкімшілік-процедуралық іс жүргізу кодексін қарастырамыз. Бұдан басқа да маңызды заң жобалары талқыланады", - деп атап көрсетті Нығматулин. 

Сессияның аяғына дейін онға жуық үкімет сағаты ұйымдастырылады. Заңгерлік көмек көрсету және орта білімнің сапасына арналған парламенттік тыңдаулар да өтеді.

 

Тақырып бойынша

"Бақылаудың қажеті қанша?": Нығматулин еңбек министрінің сөзін бөліп жіберді
Назарбаевтың тапсырмасын уақытында орындамағандар Нығматулиннен сөз естіді
"Аллаху әкбар, ақша жоқ!": Нығматулин бәрі керемет деген министрді сөзден ұстады
"Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді
"Сілкілеп алыңдар": Нығматулин үкіметке шүйлікті
Кілт сөздер:
Мәжіліс, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...

Басты тақырып