04:09 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
30 0 0

Құжаттың негізгі мақсаты – тараптардың азаматтық істер бойынша құқықтық көмек беру тәртібін белгілеу

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депуттатары Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау жұмысын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, келісім өткен жылы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында рәсімделген болатын. Осы құжаттың негізгі мақсаты – тараптардың азаматтық істер бойынша құқықтық көмек беру тәртібін белгілеу.

Соның ішінде құжаттарды беру, дәлелдемелерді жинау, сарапшыны шақыру, құқықтық ақпарат және материалдармен алмасу, сот актілері мен төрелік шешімдерді тану сияқты шаралар бар.

"Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылғы 24 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деді комитет төрағасы Әбдіров.

Пленарлық отырыста депутаттар "Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесін бірауыздан қолдады.

Тақырып бойынша

Иран өз кінәсін мойындады: Тоқаев желіде жазба қалдырды
"Солармен бірге өртеніп кеткенім жақсы еді": Иран генералы кешірім сұрады
Каспийде әскери-теңіз оқу-жаттығулары өтті
АҚШ пен Иран қақтығысы: Таяу Шығыстағы ахуал не болмақ?
АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы атқыланды
Кілт сөздер:
көмек, Иран, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып