03:24 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
72 0 0

Тоқаев "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының басты қағидаларының бірі ашықтық әрі жариялылық екенін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Биліктің әрбір қадамы мен шешімі қазақстандықтарға түсінікті болуы тиіс. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының басты қағидаларының бірі ашықтық әрі жариялылық екенін еске салды.

"Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң нормалары сапалы орындалуы тиіс. Шешім қабылдау кезінде барлық талап сақталуы керек. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады", - деді мемлекет басшысы президенттің жастар кадрлық резервімен кездесуінде.

Тоқаев қоғам өкілдерінде биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда, пікірін еркін айту мүмкіндігі болуы қажет екенін қадап айтты.

Тағы оқыңыз: "Мұны бәріміз де білеміз": Тоқаев кейбір басшыларды шегірткеге теңеді

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті. Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.

Кадрлық резерв мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік сатының ұтымды жүйесін құру. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар босай қалған жағдайда, президенттік резервке іріктелген жастардың кандидатурасы қаралады.

Тақырып бойынша

Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Тоқаев "блатсыз" құрылған кадрлық резерв жастарымен кездесіп жатыр
Қазақстанда президент өкілеттілігін кеңейту ұсынылды
"Жеңіл-желпі қарауға болмайды": Тоқаев маңызды проблеманы қозғады
Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады – Тоқаев
Кілт сөздер:
жастар, халық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып