03:23 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2485 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер мен меценаттарды әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесмендерді оқушыларды мектепте тегін тамақтандыру ісінде мемлекетке көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір мемлекеттік әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін іздеп жатырмыз. Барынша өзектісі атаулы әлеуметтік көмек мәселелері болып тұр. Олар біздің қоғамда айтарлықтай өткір. Мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға көмектесуі тиіс", - деді Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервімен кездесу барысында.

Ол үкімет барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан жәрдемақы төлейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, тұрмысы төмен отбасылардың балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтылады. Мектепке дейінгілерге азық-түлік жиынтығы мен қажетті тауарлар беріледі. Ал оқушылар мектепте тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдарымен қамтылады, жол жүру ақысы өтеледі.

"Әрине, мұның бәрі мемлекет есебінен. Бізге отандық бизнесмендер, немесе былайша айтқанда, ұлттық буржуазия қолдау көрсеткенін қалар едік", - деді президент.

Айтуынша, мұндай практика Еуропаның бірқатар елінде – Финляндия, Швеция, Чехия және Эстонияда бар. Ол жақта кәсіпкерлер әлеуметтік қамсыздандыруға белсене қатысады.

"Нью-Йоркте 2017 жылдан мемлекеттік көпшілікке арналған мектептерде барлық оқушыға түскі ас тегін беріледі. Ал бұл миллионнан астам бала. БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының бағалауынша, оқушының тамағына жұмсалған әрбір доллардың 3, кейде тіпті 10 есе қайтарымы болады. Бизнес өкілдері, меценаттар мен демеушілердің көмегімен бұл міндетті орындай алатынымызға сенемін", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: "Мұны бәріміз де білеміз": Тоқаев кейбір басшыларды шегірткеге теңеді

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті.

Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.

Тақырып бойынша

Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге Жапониядағыдай жағдай жасауды ұсынды
"Жеңіл-желпі қарауға болмайды": Тоқаев маңызды проблеманы қозғады
Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Тоқаев ұшақ апатынан кейін көмекке келген ауыл халқына алғыс айтты
Тоқаев барлық әуе компаниясының жұмысын тексеруді тапсырды
Тоқаев "блатсыз" құрылған кадрлық резерв жастарымен кездесіп жатыр
Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады – Тоқаев
Тоқаев құрған кадрлық резерв: биыл 100 жас лауазымды қызметке тағайындалады
Кілт сөздер:
оқушылар, бизнесмендер, үндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып