04:41 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
335 0 0

Рашид Жақыпов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне 2014 жылдың 29 қыркүйегінде тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповты отставкаға жіберу туралы өкімге қол қойды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - деп жазылған Ақорда сайтында.

Рашид Жақыповтың өмірбаяны

Полиция генерал-майоры Жақыпов 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Самарское ауылында дүниеге келген. 1981 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. 

1981-1995 жылдар аралығында прокуратура органдарында қызмет етті. Кейін Шығыс Қазақстан облысы юойынша мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеді.  

Заместитель министра внутренних дел Рашид Жакупов
© Photo : Служба центральных коммуникаций
Полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов

Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары болды.

2011 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2014 жылдың 29 қыркүйегінен бастап ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Тақырып бойынша

"Мүдделер қайшылығы болмас үшін...": Тимур Құлыбаев қызметінен кетті
Асқар Мамин төраға қызметінен кетті
Басшылар қандай жағдайда отставкаға кетуі тиіс – Тоқаев заңға қол қойды
Тоқаевтың ұсынуымен Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды
Ат мінемін деп басы дауға қалған Аян Дүйсенбаев қызметінен босатылды
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Ерлан Тұрғымбаев
Загрузка...

Басты тақырып