11:57 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
659 0 0

Бұған дейін бұл қызметті кеше Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған Әсет Исекешев атқарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қанат Жұмабаев Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

"Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін бұл қызметті Әсет Исекешев атқарды. 16 қаңтарда ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Тоқаев Исекешевті басқа жұмысқа ауыстырды

Қанат Жұмабаев туралы не білеміз?

1965 жылы туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының сыртқы экономикалық қызметі үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Бұған дейін ол "ҚазАстықТранс" ЖШС басқарма төрағасы болды, Президент іс басқармасы жүйесінде жұмыс істеді, 2014 жылдан бастап "Алатау" ЕСК" АҚ президенті қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін – Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры. Кейінірек қор атқарушы директорының бірінші орынбасары болды.

Тақырып бойынша

Тоқаев Мәсімовтің орынбасарын тағайындады
Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы ауысты
Асқар Мамин төраға қызметінен кетті
Тоқаев Елбасы қызметінен босатқан Мұхтаровқа жаңа қызмет ұсынды
Загрузка...

Басты тақырып