14:08 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1642 0 0

Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке үш адам – Алатау ауданының экс-әкімі, оның орынбасары және мәдениет бөлімінің басшысы ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық агенттігі Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі ұсталған сәт түсірілген видеоны жариялады.

Бұған дейін хабаланғандай, Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Оларға 2019 жылы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деген айып тағылып отыр.

Экс-әкім мен оның орынбасары ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал мәдениет бөлімінің басшысы кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық қамауға алынбаған.

Тағы оқыңыз: Алматыда инспекторлардың жол үстінде ұсталған сәті видеоға түсірілді

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Айта кетсек, 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап Алатау ауданының басшысы қызметін Шахмерден Рыспаев атқарды. 17 қаңтар күні бұл қызметке Азамат Қалдыбеков тағайындалғаны белгілі.

Тақырып бойынша

Ақтөбеде 700 мың теңге пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды
Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Қазақстанның оңтүстігінде пара алған әкім ұсталды - видео
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Алматыда ер адамның тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Әйелдің ұшақта босанған сәті видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
әкім, видео
Загрузка...

Басты тақырып