07:28 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2314 0 0

Төмен баж салығымен әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып саналады. Ондай көліктер өзге адамдардың иелігіне берілсе, бұрын төленген кедендік баждар мен бірыңғай кедендік тарифтің айырмашылығы төленуі шарт

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ аясында Армения мен Қырғызстанның көліктерін кедендік рәсімдеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ЕАЭО-да шетелден келетін автокөліктерді кедендік рәсімдеудің нақты тәртібі бар. Бірыңғай кедендік тариф бойынша жеңіл көліктерге импорттық баж салығы салынады. Ал оның көлемі қозғалтқыштың бір текше сантиметрі үшін 0,32-3,2 еуроны құрайды. Мысалы, 2 литрлік (2000 текше сантиметр - Sputnik Қазақстан) қозғалтқыш үшін 640-6400 еуро төлеу керек. Импорттық кеден салығын есептегенде қозғалтқыштың көлемі ғана емес, көліктің шығарылған жылы да ескеріледі.

Ал Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісімшарттар бойынша осы елдерге көлікті шетелден әкелгенде импорттық кеден бажының төмен мөлшерлемесін пайдалануға уақытша мүмкіндік берілген. Ол салықтың мөлшері 10 процент немесе 0,14-1,4 еуроны (2 литрлік көлік үшін 280-2800 еуро - Sputnik Қазақстан) құрайды. 

Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?

Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарттың 3-қосымшасына сәйкес, төмен баж салығымен әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып саналады. Оларды Армения Республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына уақытша кіргізе алады. Ал ондай көліктер өзге адамдардың иелігіне беріліп, одақтың басқа елдеріне кіргізілсе, Арменияда төленген кедендік баждар мен бірыңғай кедендік тарифтің айырмашылығы төленуі шарт.

Қырғызстанға шетелден жеткізілген көліктерге де тура сондай талаптар қойылады.

Тақырып бойынша

Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі
ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты
Ақтауда шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді - видео
Кілт сөздер:
Қырғызстан, кеден
Загрузка...

Басты тақырып