12:36 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4117 0 0

Марат Қожаев қазақстандықтар көлік сатып алу мақсатында Арменияда "уақытша тұрушы" мәртебесін алу үшін түрлі айла-шарғыға барғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік көлік мінген азаматтар қандай қылмысқа баратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қылмыскерлер шетелдік автокөлікті әдейі сатып алған фактілер тіркелді. Сол арқылы ұрлық-қарлыққа, тіпті адам өлтіру, қарақшылық, тонау секілді ауыр қылмыстар жасаған", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Соңғы фактілердің бірі Павлодар облысында тіркелген.

"Үш отандасымыз Ресейден сақтандыру бойынша ВАЗ 2106 көлігін алып, жергілікті бизнесменге қарақшылық шабуыл жасаған. Кейін әлгі көлікті өртеп, айғақтан құтылған. Осыған байланысты біз азаматтарды өздері кейін тіркей алмайтын көлікті сатып алмауға кеңес береміз", - деді Қожаев.

Армения мен Қырғызстанның көліктерін кедендік рәсімдеу тәртібі түсіндірілді

Айтуынша, қазақстандықтар көлік сатып алу мақсатында Арменияда "уақытша тұрушы" мәртебесін алу үшін сол елдің азаматтарымен бірігіп, түрлі айла-шарғыға барған көрінеді.

"Осындай фактілермен күресу үшін ішкі істер министрлігі Армениядағы әріптестерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Қазір Арменияға әкімшілік полиция мен көші-қон полициясы комитеттерінің құзырлы қызметкерлері жіберілген. Олар армян әріптестерімен бірігіп, Қазақстан мен Армения азаматтарының заңды бұзып-бұзбағанын тексереді.

"Айтпақшы, біздің кейбір азаматтар Арменияда өздеріне қатысты заң бұзушылық жасалғанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінді. Ол жақта оларды жаңылыстырып, алдап, шығынға ұшыратқан. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі ауқымды түсіндіру жұмыстарын бастады", - деп түсіндірді Қожаев.

Тақырып бойынша

Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі
ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты
Ақтауда шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді - видео
Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Кілт сөздер:
көлік, шетелдік, Армения
Загрузка...

Басты тақырып