12:41 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1444 0 0

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, полиция шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығаруды жоспарлап отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Былтыр Қазақстандағы шетелдік көліктер 90 мыңнан астам жол ережесін бұзған, деп хабарлайды "Хабар 24".

2018 жылы бұл көрсеткіш 27 мыңның шамасында болған. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деді.

Оның айтуынша, шетелдік көліктерді тізгіндеген Қазақстан азаматтары 1800-ге жуық жол-көлік оқиғасына себеп болған көрінеді.

"132 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат жарақат алды", – деді министрдің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол қоғамда түрлі пікірталас тудырған Армения және Қырғызстанда тіркелген көліктерге қатысты түсініктеме берді.  

Ресми дерек бойынша, өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылыпты.

Оқи отырыңыз: Шетелдік көліктерге қатысты дау: министрлік өкілдері Арменияға жол тартты

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, полиция шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Сондай-ақ мәселені шешудің оңтайлы жолын іздеу үшін Арменияға арнайы топ жіберілген.

Тақырып бойынша

Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?
Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі
Ақтауда шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді - видео
Армения мен Қырғызстанның көліктерін кедендік рәсімдеу тәртібі түсіндірілді
Кілт сөздер:
көлік, Армения
Загрузка...

Басты тақырып