15:43 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3191456

Қазақстан президенті танымал сатира актері Қабатовтың елорданың аулаларын қардан тазарту жайлы ұсынысы волонтер жылына сай бастама екенін атап өтті 

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға жасаған үндеуіне қолдау білдірді.

"Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасына.

Айта кетейік, астаналық жастар әлеуметтік желіде қар тазалау челленджін бастады. Қала тұрғындарына аулаларын тазартып, видеоны #Бізбіргеміз хэштегімен жариялау ұсынылып отыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, мұндай идеяны волонтерлер ұсынған. Бастаманы Тұрсынбек Қабатов, журналист Асхат Садырбай және "Назар аудар" театрының қатысушылары қолдады.

"Біздің қаламыз, еліміз - ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз", - деді қолына күрек алып, қар тазалауға кіріскен Тұрсынбек Қабатов.

Тағы оқыңыз: "Ондай ойы барын білмедім" Есен Елеукен Тұрсынбекке қатысты шындықты айтты

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл "Волонтер жылы" болып жарияланған болатын. 

Тақырып бойынша

Тоқаев Тимур Құлыбаевты Ақордаға шақырды
Тоқаев тағы бір мораторий жариялауы мүмкін
Тоқаев Исекешевті басқа жұмысқа ауыстырды
"Қызым ондай іске бармаған": Қаза болған мұғалімнің анасы Тоқаевтан көмек сұрады
"Бұл бәрібір болатын нәрсе": Президент митинг туралы пікір білдірді
Кілт сөздер:
қар, Қасым-Жомарт Тоқаев, Тұрсынбек Қабатов
Загрузка...

Басты тақырып