10:30 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3576 0 0

Қазақстан президенті Тоқаев бүгін жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасын да көтерді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі әкімдерге биылдан қалдырмай балабақшалар мен мектептерге толығымен камера орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін өңірлердің әкімдеріне мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камераларын орнатуды осы жылы аяқтауды тапсырамын. Таразда болған оқиға – бұл нағыз масқара", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасын да көтерді.

Тағы оқыңыз: Тараздағы сұмдық: оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты

"Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдің озық тәжірибесін қолдануға болады", - деді ол.

Тараздағы сұмдық

Жаға ұстатарлық оқиға өткен жылдың қарашасында болды. Тараздағы мектепте оқитын 7-сынып оқушысы география пәні кезінде дәретханаға сұранып шыққан. Сол жерде оны педофил зорлаған. Қылмыскер мектеп бейнекамераларына түсіп қалған.

Сұмдық оқиғадан кейін облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, сабақ кезінде дәретханаға жіберген мұғалім, кезекші мұғалім, вахтер мен оқу ісінің меңгерушісі қызметінен кетті. Сондай-ақ, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев та қызметінен босатылды. Ал облыс басшысы ескерту алды.

Ал он екі жастағы қызды зорлаған 38 жастағы педофил сот үкімімен кінәлі деп танылып, 25 жылға сотталды.

Тақырып бойынша

Тоқаев облыс әкіміне ақшаны оңды-солды шашпауға кеңес берді
"Басқа жол жоқ": Тоқаев үкімет жұмысын сынға алды
Тоқаев Алматыдағы ұшақ апаты жайлы: маған зардап шеккендер хат жазып жатыр
Көктемде кейбір шенеуніктер қызметінен алынуы мүмкін – Тоқаев себебін түсіндірді
Тоқаев шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты тапсырма берді
Кілт сөздер:
оқиға, Тараз, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып