18:30 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4472 0 0

Белгілі шоуменнің бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдаған болатын. Бұл бастамадан Ұлттық музей қызметкерлері тыс қалмады

НҰР-СҰЛТАН, 24  қаңтар – Sputnik. Ұлттық музей қызметкерлері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға жасаған үндеуіне қолдау білдірді.

Музей аумағы қардан тазартылған. Мақсат – волонтерлердің "Біз біргеміз" қар тазалау челленджін бастау идеясына қолдау көрсетіп, коммуналдық қызмет жұмысшыларына көмектесу.

"Еліміздің біртуар азаматы Тұрсынбек Қабатовтың үндеуін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі қолдап, кеңінен насихаттап жатқаны бәрімізге үлкен серпіліс. Біздің жайнаған елордамыздың тазалығы үшін  Ұлттық музей де әрине, бұған қуана атсалысуда. Еліміздің бірлігі, оның рухани байлығы, жоғары деңгейі осындай игі істерден көрінеді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы осы жылды "Волонтер жылы" деп жариялады. Сондықтан да бүкіл қазақстандықтарды бұл челленджді қолдауға шақырамын", - деді Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қатысты өз ойын білдірді

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметі елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджін бастағанын хабарлаған болатын. Тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, видеоны #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырды. Игі бастама қала тұрғындары тарапынан қолдау тауып, бірқатар танымал адамдар қар күреуге кірісіп кетті.

Тақырып бойынша

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды – видео
Тұрсынбек Қабатов халыққа неге жақпай қалғанын ашық айтты
Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды  
Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры
Тұрсынбек Қабатов туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
қар, Тұрсынбек Қабатов, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып