12:34 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
98 0 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру және академиялық ортаны жақсарту шаралары жайлы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Шаралардың көп бөлігін Білім және ғылым министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесі ұсынды, дейді министр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парағында толық жазды.

Аймағамбетовтың айтуынша, диссертацияны қорғау үшін қажетті басылымдарға қойылатын талаптарды өзгерту бойынша ҚР БҒМ бұйрығының жобасы дайындалды. ҚР БҒМ №127 бұйрығына сәйкес, докторантқа қорғауға шығу үшін міндетті түрде жеті мақала жариялау керек, бұл ретте сапасы бойынша ерекше талаптар қойылмайды.

"Нәтижесінде басты назар тек сандық көрсеткішке аударылып, мақалалар сапасы күмәнді журналдарда жариялана бастайды. Кейін ғалымдарымыздың мақалалары халықаралық базалардан шығарылған белгісіз бір журналдарда басылып шыққанда таң қалып жатамыз. Әлбетте, қалыптасқан бұл дәстүрді өзгерту керек. Яғни, сұранысқа ие емес "әлсіз" журналдарда мақалалардың көп жариялануына қарағанда, беделді журналдарда сапалы жарияланымдар аз шыққаны жақсырақ деп анық айтуға болады", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Желіні шулатқан видеодан кейін магистранттар оқудан шығарылды

Бұған қоса, диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге диссертациялық кеңес мүшелеріне қойылатын талаптарды арттыру жөніндегі жаңа норма енгізіледі. Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігінде Хирш индексі мен рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда кемінде үш жарияланым болуы тиіс. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін бұл көрсеткіштер төмен болады.

Сондай-ақ, магистрлік және докторлық диссертациялар жетекшілеріне қойылатын талаптар да өзгереді.

"Мәселен, егер бүгінгі таңда докторанттан күшті журналдарда жарияланым талап етілсе, онда ғылыми жетекшінің де осындай жарияланымдары болуы тиіс. Қазіргі уақытта іс жүзінде тиісті талаптар жоқ", - дейді министр.

Тақырып бойынша

"Унитаздардың арасы бөлінбеген": Мектептегі жағдай ата-ананың жағасын ұстатты
Арқалықта колледж директоры сотталды
Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді
Тараздағы сұмдық: оқушы қызды дәретханада зорлаған педофилге сот үкімі шықты
Президент: Таразда болған оқиға – нағыз масқара
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып